Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

«Жол-көлік жарақаттануының алдын алу»

ДДҰ мәліметтері бойынша, жол-көлік жарақаты 5-29 жас аралығындағы балалар мен жастар арасындағы өлім-жітімнің басты себебі болып табылады. Әлемде жол-көлік оқиғаларының салдарынан жыл сайын 1,3 миллионға жуық адам қаза табады.

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, елде 2023 жылдың қаңтарынан тамызына дейін 1281 адам қайтыс болды. Балалар қайтыс болған жағдайлардың 67% - олар жолаушылар болған. Басқа жағдайларда – жаяу жүргіншілер.

Жаяу жүргіншілер көбінесе жолды дұрыс емес жерден кесіп өткенде, қызыл шамға немесе жақын орналасқан көліктің алдына жүгіргенде қайтыс болады.
Жол қозғалысы ережелерін білу және оларды өмірде қолдана білу жазатайым оқиғалардан қорғай алады.

Біздің мекеменің бөлімшелерінде медицина қызметкерлері пациенттермен «Жол-көлік жарақаттануының алдын алу» тақырыбында әңгімелер мен дәрістер өткізді.

№ 2 терапия бөлімшесі конкурстар, ситуациялық міндеттері бар викторина ұйымдастырып, балалар бөлімшесі суреттер дайындады. Өз өміріңізге және айналаңыздағы адамдардың өміріне қамқорлық жасаңыз!!!

Правительственные интернет-ресурсы