Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

ЖАЗБАША ӨТІНІШ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ ЕМХАНАҒА БЕКІТІЛЕ АЛАТЫН АЗАМАТТАРДЫҢ 10 САНАТЫ

Емханаға тікелей жүгінген кезде бас дәрігердің атына бекітілу бойынша жазбаша өтінішті азаматтардың белгілі бір санаттары ғана бере алады. Олар:

  • Зейнеткерлер. Өтінішке зейнетақы куәлігін қоса беруі керек
  • Зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді көшірмелері бар мүгедектер
  • Туған кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер және баланың қамқорлығын, білімін, тәрбиесін, құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларды алмастыратын басқа да адамдар. Өтінішке сот шешімін немесе қорғаншылық пен қамқоршылықты растайтын өзге де құжаттарды қоса беру қажет
  • Бас бостандығынан айыру орындарында соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген сотталған азаматтар - "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесіне МСАК-қа халықтың бекітілуін (шығуын) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы болған уақытта
  • Студенттер, сондай-ақ медреседе оқитындар, жоғары оқу орны ректорының емханаға ресми өтініші және оқу орны мен МСАК ұйымы арасындағы комиссия хаттамасы болған жағдайда
  • Мерзімді қызметтің әскери қызметшілері. Өтінішке әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрамның тізімдеріне қабылдау туралы бұйрығынан үзінді қоса берілуі тиіс
  • Шет мемлекеттерде туған балалар-олардың шет мемлекетте туылғандығын растайтын құжат
  • Қорғаншылықтағы сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және өзгелері - жергілікті атқарушы органдардың - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларының шешімі болуы қажет
  • сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер (қолдарында сенімхат болуы керек)
  • ЕМС ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша бекітуді ресімдейтіндер (қолдарында шарт болуы керек). Дәл осы жағдайда ЕАЭО елдерінен шетелдік азаматтарды немесе көшіп-қонушыларды емханаға бекіту кезінде сақтандыру компаниясы сенімді тұлға бола алады.

Айта кететін болсақ, тіркеу науқанына жергілікті денсаулық сақтау басқармалары жауапты болады.

Правительственные интернет-ресурсы