Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Қызылша және оның алдын алу туралы маңызды ақпарат!

Бүгінгі таңда Қостанай облысында қызылшаның 91 жағдайы тіркелген. Оның 63-і 14 жасқа дейінгі балалар және екі жасөспірім. Айта кету керек, науқастардың 65%-ы (59 адам) - екпе алмағандар. 25%-да (23 адам) екпе алынғаны туралы ақпарат жоқ, бірақ олар да екпе алмаған болуы мүмкін. Бұдан бөлек, көкжөтелдің 2 жағдайы да тіркелді.

Қызылша - бұл өте жұқпалы вирустық жұқпалы ауру, әсіресе балаларда ауыр асқынулар тудыруы мүмкін. Қызылша берілгеннен кейін дене тұрақты иммунитетті қалыптастырады, бірақ өзіңізді ауыру қаупіне ұшыратпағаныңыз жөн.

Қызылша инфекциясы 2-5 жас аралығындағы балаларға тән, бірақ ол кез келген адамға жұғу қаупі бар. Ересектерде қызылша сирек кездескенімен, оның арты асқынулар тудырады және ауруханада ем алуға тура келуі мүмкін.

Дәрігерлер қызылшаға қарсы екпе алудың маңыздылығын айтып дабыл қағуда! Алдын ала екпе - бұл ауыр аурудан қорғаудың ең жақсы тәсілі және ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Қызылшаға қарсы вакцинацияны қалалар мен аудандардың барлық емханаларында алуға болады.
​Вакцинация алу үшін:

1. Сіз тіркелген емханада терапевтке немесе педиатрға жазылыңыз.

​2. Емханаға дәрігер қабылдауына келіп, жалпы практика дәрігерінің (терапевт, педиатр) қарауынан өтіңіз, оның келісімімен қызылшаға қарсы екпе алыңыз.

Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!

Правительственные интернет-ресурсы