Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – болашаққа бағдар!

Аймақтағы ауруханалар мен емханалардағы білікті мамандардың жетіспеушілігін жою мақсатында, Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев пен 25 медициналық мекеменің бас дәрігерлері «Астана медицина университетінің» студенттерімен кездесті.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі – жұмыспен қамтудың ең тиімді әдісі! Сәйкесінше, қостанайлық дәрігерлер бүгінгі кездесуден кейін студенттерде қайда жұмысқа орналасу тұрғысында сұрақ туындамайтынына сенімді.

​Бізде ең мықты әрі кәсіби дәрігерлер жасақталған, яғни жас мамандардың тәжірибе жинақтауына мүмкіндіктері зор. Сонымен қатар, Қостанай облысына келген медициналық университеттің түлектері тұрақты жұмыс, лайықты жалақы, жақсы үстемақы түріндегі көмек пен кәсіби тәлімгерлердің қолдауымен баға жетпес жұмыс тәжірибесіне ие болады.

​Өңірге келуші мамандар үшін өте тиімді жағдайлар жасалған. «Қостанай облысының әкімдігі ағымдағы жылы облыстық бюджеттен медицина қызметкерлеріне үй салуға және пәтер сатып алуға 2,1 млрд.теңге бөлді. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы қосымша іске асырылуда. Ал бұл - бюджет қаражатынан 100 АЕК көтерме жәрдемақы алу мүмкіндігі және 1 500 АЕК-ке дейінгі сомада тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдетілген кредит беру», - деді Данияр Жандаев.
​Қостанай облысы 2023 жылы келуші дәрігерлерге 7 жылдық келісімшартпен қатар жаңа жәрдемақы көлемін тағайындап отыр.

​Жұмыс орнын таңдауға әсер ететін үлкен фактор – жалақы екені жасырын емес.

Медицина қызметкерлерінің жалақысын 30%-ға арттырғаннан кейін, 01.01.2022 жылғы жағдай бойынша өңірдегі орташа жалақы:
- дәрігерлерде 515 000 теңгені;

- орта медицина қызметкерлерінде 279 000 теңгені құрады.

Бүгінгі таңда тәжірибелі дәрігерлер оқытуға, практикалық білім беруге және шәкірт тәрбиелеуге дайын. Қостанай облысы жас, өршіл, батыл мамандарды күтеді!

Жұмысқа орналасу мәселелері бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ адами ресурстарды басқару және дамыту мен ақпараттық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жұмабаева Зәуре Еркінқызына хабарласуға болады.

8-701-855-47-53

odzkost@kostanay.gov.kz

za.zhumabaeva@kostanay.gov.kz

 

Правительственные интернет-ресурсы