Халықаралық темекіден бас тарту күні қарашаның үшінші бейсенбісінде атап өтіледі
Әлемде жыл сайын темекі шегудің салдарынан шамамен 8 миллион адам қайтыс болады.
Оның ішінде:
• 7 миллионнан астамы тікелетемекі тұтынудың салдарынан көз жұмады.
• 1,3 миллионға жуығы жанама темекі түтінінің (пассивті шылым шегудің) әсерінен қайтыс болады.
Темекі шегудің салдарынан болатын өлім-жітім саны, егер шылым шегушілер бұл зиянды әдеттен бас тартпаса, өсетін болады. Темекі шегетіндердің санын тек темекі шегуді бастаушылардың қатарын азайту арқылы ғана қысқартуға болады. Сондықтан қазіргі темекі шегушілердің темекіні тастау туралы шешім қабылдауы аса маңызды.