Дүниежүзілік гипертониямен күрес лигасы
Жарияланған күні: 2024-05-17
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДСҰ) қолдауымен Дүниежүзілік гипертониямен күрес лигасы 2005 жылдан бастап жыл сайын 17 мамыр - Дүниежүзілік Артериялық гипертониямен күрес күнін өткізеді.
Бүгін "Балалар әлемі" СҮ базасында біздің қызметкерлер барлық ниет білдірушілердің қан қысымын өлшеу бойынша акция өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты - артериялық гипертонияның алдын алу, жоғары қан қысымынан туындаған асқынуларды диагностикалау және алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру. Жұмыс нәтижелері бойынша 52 адам тексерілді.