Медицина қызметкері күні қарсаңында денсаулық сақтау саласына өмірін арнаған қызметкерлерді таныстырамыз

Бүгінгі кейіпкеріміз — өкпеден тыс туберкулез және дифференциалды диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Досмағамбетова Жұмағұл Мешелқызы. Оның еңбек өтілі – 44 жыл. Жұмағұл Мешелқызы еңбек жолында өзін кәсіби біліктілігі жоғары, өз ісіне адал маман ретінде танытты. Оның мол тәжірибесі мен жауапкершілігінің арқасында бөлімше пациенттерді диагностикалау және емдеу бойынша маңызды міндеттерді табысты атқарып келеді. Көп жылғы адал еңбегі мен мамандығына деген беріктігі әріптестері мен пациенттерінің құрметіне ие болды. Оның тәжірибесі жас мамандарға әрдайым үлгі.
Жұмағұл Мешелқызына денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Мықты денсаулық, отбасылық амандық, бақбереке және жаңа жетістіктер тілейміз!

Андрющенко Светлана Сергеевна — ұйымдастыру-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі. Жалпы еңбек өтілі 23 жылды құрайды.
Кәсіби қызметі барысында Светлана Сергеевна өзін білікті, жауапты және жоғары деңгейдегі маман ретінде көрсетті. Оның ұйымдастырушылық қабілеті, кәсібилігі және жұмысқа мұқият көзқарасының арқасында бөлімшелер қызметінің тиімді үйлестірілуі қамтамасыз етіліп, әдістемелік жұмыс жетілдірілуде және медициналық көмектің сапасы артуда.
Светлана Сергеевна мекеменің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған ұйымдастыру-әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге және енгізуге белсене қатысады. Әріптестерінің арасында зор құрметке ие, жоғары еңбекқорлығымен, бастамашылдығымен және тұрақты кәсіби дамуға ұмтылуымен ерекшеленеді.

Копейкина Елена Юрьевна — клиникалық-диагностикалық зертхананың зертханашысы, еңбек өтілі 45 жыл.
Елена Юрьевна көп жылдық еңбек жолында өз ісінің жоғары білікті, жауапты және кәсібіне адал маманы ретінде танылды. Оның көпжылдық тәжірибесі, мұқияттылығы мен кәсібилігі зертханалық диагностиканың сапалы жүргізілуіне және науқастарға медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда.
Көп жылдық еңбегіңізге алғыс білдіре отырып, мықты денсаулық, береке-бірлік, жылулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Мельникова Елена Шимоновна — консультативтік-диагностикалық бөлімшенің дәрігер-фтизиопедиатры. Жалпы еңбек өтілі – 40 жыл.
Өзінің жауапкершілігі, ұқыптылығы және жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында Елена Шимоновна әріптестері мен ата-аналардың зор құрметіне ие болған. Ол әрбір жас пациентке ерекше ықыласпен қарап, олардың денсаулығын сақтау мен нығайту жолында аянбай еңбек етеді.
Елена Шимоновнаның көпжылдық адал еңбегі, жоғары біліктілігі және мамандығына деген шынайы берілгендігі денсаулық сақтау саласының дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады. Оның мол тәжірибесі, жауапкершілігі мен адамгершілік қасиеттері жас мамандар үшін әрдайым үлгі. Кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен балалар денсаулығына деген жанашырлығы ұжымда ерекше бағаланып, тұрғындар тарапынан жоғары сенімге ие болуына негіз болып келеді.






