Медициналық қауымдастықты қолдау үшін
Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының Тобыл бөлімшесінің қамқор науқасы Олег Яценко медициналық қауымдастықты қолдап, бүкіл әлемде орын алып отырған туберкулез проблемасын көрсету ниетімен 2023 жылғы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне арналған плакат салды.
Олег өз атынан және бөлімшенің барлық пациенттерінің атынан бөлім меңгерушісі И.С. Искаков және ҚОФО медицина қызметкерлеріне кәсібилігі, медициналық қасиеттері және науқастарды сауықтыру үшін жасалып жатқан барлық істері үшін арнап жасады.
Олегтің айтуынша, ол ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Қазір Олег өзін жақсы сезінеді және мамыр айында ауруханадан шығады деп үміттенеді.
Олег пен біздің барлық пациенттерге тез сауығып кетуін тілейміз!