Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

«Туберкулезді емдей аламыз»

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Қостанай облысының білім беру ұйымдарымен жұмыс жалғасуда. 2023 жылдың 27 ақпанында ҚОФО мамандары Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барды. Шара барысында 9,10,11 сынып оқушылары арасында «Туберкулезді емдей аламыз» тақырыбында әңгіме, «Туберкулез және Ковид-19» тақырыбында диктант, сауалнама, бейнероликтер көрсетілді. Бұл шараға барлығы 62 оқушы қатысты.

Правительственные интернет-ресурсы