Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

«Туберкулездің алдын алу бойынша үздік бейнеролик-2023»

Жарияланған күні: 2024-01-22

«Қостанайдың жас көшбасшылары» қоғамдық бірлестігі номинациялар бойынша «Туберкулездің алдын алу бойынша үздік бейнеролик-2023» онлайн – байқауының қорытындысын жариялады. Байқау оқушылар мен жастар, кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында өтті.

Байқаудың мақсаты: бейнетүсірілім арқылы туберкулездің қазіргі заманғы проблемалары туралы өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру. Туберкулезбен сырқаттанушылық және таралу проблемасына назар аудару, облыс тұрғындары арасында туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша хабардарлықты арттыру.
Конкурс қорытындысы бойынша:

1 орын 30 000 теңге ақшалай сыйақымен «Рудный қаласы білім бөлімінің № 5 гимназиясы» КММ оқушысы Свидрюк Варвараға бұйырды. «Туберкулезді емдейміз!» номинациясы бойынша бейнерлик;
2 орынды 20 000 теңге ақшалай сыйақымен «Рудный құрылыс және көлік колледжі» КМҚК студенті Амамбаева Кристина иеленді.

3 орын 10 000 теңге ақшалай сыйақымен «Рудный қаласы білім бөлімінің № 5 гимназиясы» КММ оқушысы Свидрюк Варвараға бұйырды.

Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы қатысушыларға алғыс білдіріп, жаңа 2024 жылға шығармашылық шабыт пен табыс тілейді.

Правительственные интернет-ресурсы