Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Туберкулездің алдын алу айлығы

Қазақстанда 2024 жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған туберкулездің алдын алу Айлығы басталды. Мақсаты – жер бетінің барлық тұрғындарын туберкулез проблемасын шешуге ынталандыру және табысқа жету әр адамның жеке үлесіне байланысты.

Еліміздегі туберкулез проблемасы мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып қала береді. Қазақстан диагностика, емдеу және алдын алу шаралары тегін жүргізілетін елдердің бірі.

Ұлттық бағдарламаның негізгі міндеті – халықты алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, өз денсаулығына ортақ жауапкершілік және жыл сайынғы профилактикалық тексеруден өту қажеттілігі туралы ақпараттандыру. #YesWeCanEndTB

Правительственные интернет-ресурсы