Туберкулезбен күрес жөніндегі дүниежүзілік күнге арналған айлық аясында №1 терапевтік бөлімшесінде «БӘРІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ!» викторинасы өтті.
Қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, өздерін мазалаған барлық сұрақтарға жауап алды. Викторина пайдалы әрі достық атмосферада өтті, туберкулездің алдын алу, диагностикасы және емдеу туралы хабардарлықты арттыруға ықпал етті.
Мұндай іс-шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға үйретіп, ауруды ерте анықтаудың маңыздылығын көрсетеді. Викторинаның соңында барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, бұл күн олар үшін тек пайдалы ғана емес, сонымен қатар жағымды естелікке айналды.