Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Туберкулезбен кез-келген адам ауыруы мүмкін

Туберкулезбен кез-келген адам ауыруы мүмкін және бұл үшін экстремалды өмір сүру жағдайларына түсудің қажеті жоқ. Егер адамның иммунитеті төмен болса, онда адам толып тұрған автобусқа бір рет отырса жеткілікті.

Туберкулез – баяу жүретін инфекция. Кейде ол жылдар бойы дамиды және өзіне тым мұқият емес адам ұзақ уақыт бойы белгілерін байқамайды. Бұл жағдайда ол басқаларға жұқпалы болуы мүмкін және ол бұл туралы білмеуі де мүмкін.

Аурудың ағымы әрдайым айқын белгілермен сипаттала бермейді. Тез шаршауға, тершеңдікке немесе жалпы әлсіздікке назар аударатындар аз, бұл аурудың алғашқы белгілері, бірақ бұл белгілерде бәрінде бірдей бола бермейді.

Туберкулездің алдын-алудың негізгі әдісі – иммундық жүйеге қамқорлық жасау. Бұл дегеніміз, толық тамақтану, дұрыс ұйқының болмауымен күресу және демалу туралы да ұмытпаған абзал. #YesWeCanEndTB

Правительственные интернет-ресурсы