Туберкулез өте кең таралған ауру
Көптеген адамдардың туберкулезге деген көзқарасы шамамен мынадай: "Бұл біздің отбасымыз туралы емес", "Мен туберкулезбен ауырмаймын", "Туберкулез тек д9рыс емес өмір салтын ұстанатын адамдарға әсер етеді".
Дәстүр бойынша адамдар қатерлі ісік, инсульт немесе инфаркттан өлуден қорқады.
Бұл тізімде туберкулез жоқ. Автобуста біреу жөтелсе, бірінші басымызға келетіні: "Тұмау жұқтырып алмау!». Туберкулез өте кең таралған ауру. Сіз кіммен, дені сау немесе науқас адаммен көлікке отыратыныңызды ешқашан білмейсіз. Сонымен қатар, туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқас сіздің жаныңызға отыруы мүмкін.
Өкінішке қарай, туберкулез инфекциясы және оны жұқтыру мүмкіндігі бүгінгі күннің шындығы. Туберкулезді жұқтыру және ауруға шалдығу қаупі алыс болып көрінбеуі үшін ауру туралы және оны қалай болдырмауға болатындығы туралы нақты түсінік болуы керек. #YesWeCanEndTB