Туберкулез диагнозы қойылған сирек науқас стигма мен кемсітушілікке тап болған жоқ.
Туберкулез диагнозы қойылған сирек науқас стигма мен кемсітушілікке тап болған жоқ. Инфекциядан қорқу, науқастың қалпына келуіне деген сенімнің болмауы, ауру туралы қате түсінік — мұның бәрі туберкулезбен ауыратын пациент тек қоғамнан ғана емес, тіпті жақын адамдарынан да аулақ болуға әкеледі. Бұл стигма мен кемсітушілік, көптеген жағдайларда ауруды уақтылы анықтауға және емдеуге кедергі келтіреді. Дұрыс көзқарас, ауру туралы хабардар болу, дәрі – дәрмектерді ұзақ уақыт қабылдауға дайын болу – аурумен сәтті күресудің кепілі.
Көптеген науқастар туберкулезбен ауыратынан ұялады. Олар достарының, көршілерінің, тіпті туыстарының диагнозы туралы білгенін қаламайды. Олар күн сайын дәрі-дәрмектерге барудан қорқады, өйткені оларды біреу танып қоюынан сескенеді. Олар өздерінің азаптарын, эмоцияларын бөлісуден, көмек сұраудан қорқады – мұның бәрі стигмаға байланысты. Бұл өмірдің дәл осы сәтінде, қамқорлық, қолдау және сүйіспеншілік қажет болған кезде болады.