Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Туберкулез - бұл бүкіл қоғамның проблемасы

Туберкулез - бұл бүкіл қоғамның проблемасы, тек медицина қызметкерлерінің күшімен туберкулезді тоқтату мүмкін емес.

Әр адам туберкулез туралы, оның алдын алу әдістері туралы білуі керек және бұл білімді күнделікті өмірде қолдануы керек.

Біздің маман А.Д. Какенованың (облыстың бас штаттан тыс фтизиопедиатры) қатысуымен өткен семинар-кеңесте туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы, жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, вакцинация мен профилактикалық тексерулерден уақтылы өту қажеттілігі туралы халықтың көпшілігіне жеткізе білу керектігі қозғалды.

Кеңес Қостанай қаласындағы №1 мектеп базасында өтті.

Мақсатты аудитория: мектептердің, колледждердің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Қостанай қаласы емханалары бас дәрігерлерінің орынбасарлары.

Правительственные интернет-ресурсы