Үш күндік семинар өтуде
«Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы» базасында үш күндік семинар өтуде. Семинарды «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының» оқытушысы Жапаркулова Майра Алтынбекқызы жүргізуде.
Оқытуға барлық аудандардан келген педиатрлар мен жалпы тәжірибелік дәрігерлер қатысуда. Семинар туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша білім мен дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Үш күндік оқыту бағдарламасының негізгі тақырыптары:
1. Балалардағы туберкулезді интеграцияланған бақылау жағдайында ерте анықтау, диагностикалау және алдын алу.
2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) желісінде туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және алдын алу.
Оқытудың мақсаты – дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту және өңірлік туберкулезге қарсы күрес жүйесін дамыту.