Мониторингтік топ өз жұмысын аяқтады
Жарияланған күні: 2024-06-28
Бүгін ҚР ҰҒФО, ЖҚ және Қостанай облысының республикалық СЭС орталығы мамандарынан құралған мониторингтік топ өз жұмысын аяқтады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде аралас форматта (онлайн/офлайн) кездесу ұйымдастырылып, ҚОӘДСБ басшысы Д.С.Джандаев, ҚР ҰҒФО директоры М.М. Аденов, облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары, облыстық МҰ басшылары қатысты.
Мониторинг нәтижелері бойынша медициналық ұйымдарда туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуына қатысты мәселелер тізбесі, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланып, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.