«2022 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұлттық бағдарлам аны іске асыру»
Алматыда Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы Жаһандық Қордың Гранттық жобасы аясында 2023 жылғы 16-17 ақпанда «2022 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұлттық бағдарлам аны іске асыру» республикалық үйлестіру кеңесі өтуде.
Үйлестіру кеңесінің мақсаты – 2022 жылдың қорытындысын шығару, қол жеткізілген жетістіктерді сараптау, тәжірибе және озық тәжірибе алмасу, сондай-ақ жұмыс топтарында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау.
Отырыс аясында «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Аденов М.М. 2022 жылдың соңындағы Қазақстан Республикасындағы жағдай туралы жиынтық ақпаратты ұсынды,
және «Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК бас дәрігері Ж.Ж Молдатаева шамамен Қостанай облысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шаралардың орындалуы туралы есептік ақпаратты ұсынды.