«Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау»
Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Ашық есік күнін ұйымдастырады.
7 сәуірде сағат 08-00-ден 14-00-ге дейін Консультативтік-диагностикалық бөлімшеде қалаған адамдар рентгенологиялық тексеруден тегін өтіп, ПТР-ға қақырық талдауын тапсырып, фтизиатр-дәрігерден, фтизиопедиатрдан және өкпеден тыс туберкулез бойынша маманнан кеңес ала алады.
Сіздерді Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі 5 мекенжайы бойынша күтеміз