Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

ҚР ҰФО және ЖҚҚ ГФ жұмыс сапары Қостанай облысында аяқталды

Сапар аясында Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасының қоғамдық денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Бекенова А.К. төрағалығымен аралас форматта (онлайн/офлайн) кеңес өткізілді. Кеңеске ЖҚҚ ГФ менеджері Исмаилов Ш.Ш., сондай-ақ облыстағы барлық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.

Мониторингтік сапар барысында ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді, атап айтқанда:
• 30-дан астам пациентке кеңес берілді;
• жұмыс орындарында қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылды;
• клиникалық жағдайларға талдау жасалды.

Жұмыс қорытындысы бойынша Қостанай облысындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсынымдар берілді.

Правительственные интернет-ресурсы