Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Қостанай облысының тұңғыш дәрігері Мұхамеджан Қарабаев туралы дәріс

Бүгін Қостанай облысының тұңғыш дәрігері – Мұхамеджан Қарабаевқа арналған танымдық дәріс өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға Қарабаевтың өмір жолы, кәсіби қызметі және өңір медицинасын дамытуға қосқан үлесі туралы баяндалған презентация ұсынылды.

Дәрісті Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының ғылыми-ағартушылық жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Шалапова Роза Зұлфиқарқызы жүргізді. Оның мазмұнды әрі әсерлі әңгімесінің арқасында тыңдаушылар облыстағы медициналық көмектің қалыптасу тарихымен және өз ісіне шынайы берілген дәрігер, ағартушы Мұхамеджан Қарабаевтың тұлғасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

 

Правительственные интернет-ресурсы