Қостанай облысында мониторингтік сапар жалғасуда
Жарияланған күні: 2024-06-25
Қостанай облысында ҚР ҰҒФО, ЖҚ және СЭС Республикалық департаменті мамандарының Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандарымен бірлескен облыстағы медициналық мекемелерге мониторингтік сапары жалғасуда.
Мониторингтік сапардың мақсаты – туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша ұйымдастырушылық- әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Бекітілген бағдарламаға сәйкес бүгін барған ұйымдар: Қостанай аудандық ауруханасы, Лисаков қалалық ауруханасы, Рудный қалалық емханасы және Рудный қаласының N1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы.
Мониторинг барысында жұмыс орындарында оқыту жүргізіліп, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.






