Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Терапиялық бөлімше

Искаков Инкар Серкешұлы 1958 жылы дүниеге келген. 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім алған.
 
Жалпы еңбек өтілі — 40 жыл, оның 28 жылын Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде өзін жоғары білікті, тәжірибелі, жауапты маман ретінде көрсете білді. Терең кәсіби білімі мен тәжірибесі бар, үнемі кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін тәжірибеге белсенді енгізіп келеді.
 
Фтизиатр-дәрігер ретінде рентген және флюорограмма талдау, туберкулин сынамаларын қою және бағалау, туберкулезге қарсы дәрілерді көктамыр ішіне және интратрахеалды енгізу, плевра пункцияларын жүргізу, емдік пневмоперитонеум салу сынды барлық негізгі тәжірибелік дағдыларды жетік меңгерген. Ауыр халдегі науқастарға дер кезінде білікті медициналық көмек көрсете алады.
 
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін келесі марапаттармен наградталған:
•«Н.И. Пирогов медалі» төсбелгісі (2011 ж.),
•«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2014 ж.),
•«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2022 ж.).
 
Жауапкершілігі жоғары, әріптестері арасында беделді, науқастар арасында зор құрметке ие. Емдеу-диагностикалық үдерісті ұйымдастыру мен жас мамандарды даярлау ісіне айрықша үлес қосып келеді.
Правительственные интернет-ресурсы