Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Терапиялық бөлімше

Тищук Галина Геннадьевна 1994 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім алды.

Жалпы еңбек өтілі – 31 жыл, осы саланың барлық жылдарын Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында өткізген. Осы уақыт ішінде өзін білімді әрі білікті маман ретінде көрсете білді. Кәсіби дағдылары жоғары, тәжірибесі мол, үнемі білімін жетілдіріп, өз саласындағы жаңалықтарды тәжірибеде тиімді қолдана біледі.

Фтизиатр-дәрігер ретінде рентген және флюорограммаларды талдау, туберкулин сынамаларын қою және бағалау, туберкулезге қарсы препараттарды көктамыр ішіне және интратрахеалды енгізу, плевра қуысына пункция жасау, емдік пневмоперитонеум қою сияқты негізгі практикалық дағдыларды жетік меңгерген. Ауыр жағдайдағы науқастарға дер кезінде және сапалы медициналық көмек көрсетуге қабілетті.

Медицина саласындағы еңбегі еленіп, 2021 жылы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Жауапкершілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мықты, әріптестері мен емделушілер арасында зор құрметке ие. Емдеу ісін жетілдіруге және ұжымдық жұмысты тиімді ұйымдастыруға елеулі үлес қосып келеді.

Правительственные интернет-ресурсы