Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының бактериологиялық зертханасының меңгерушісі Искакова Гүлфия Рамильевнаға

Искакова Гүлфия Рамильевна 1990 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2013 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша аяқтаған.
Жалпы еңбек өтілі – 11 жыл, денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі – 11 жыл, осы ұжымдағы жұмыс өтілі – 9 жыл.
2015 жылдан бастап Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында қызмет атқарып келеді. Қазіргі уақытта бактериологиялық зертхананың меңгерушісі лауазымын атқарады. Жұмыс барысында өзін білікті, жауапты, кәсіби деңгейі жоғары маман ретінде көрсете білді. Зертханалық диагностика саласында терең білімі мен тәжірибесі бар, үнемі кәсіби шеберлігін жетілдіріп отырады.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, бастамашыл, өз ісіне адал. Туберкулезге қарсы күрес шараларын жүзеге асыруға белсене қатысып, микробиологиялық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету және заманауи диагностика әдістерін енгізу бағытында нәтижелі еңбек етіп келеді.
Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі мен адал қызметі үшін Құрмет грамотасымен марапатталған.

Правительственные интернет-ресурсы