“Облыс тұрғындары арасында туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу”
Облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары “Облыс тұрғындары арасында туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу” мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде “Қостанайдың жас көшбасшылары” ҚБ-мен бірлесіп Қарасу ауданына барды.
Жоба аясында орындалды:
1. “Қарасу жалпы білім беретін мектебі” КММ базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған дәрістер өткізілді, олардың мақсаты туберкулездің алдын алу бойынша халықтың хабардарлығын арттыру, сырқаттанушылықты, өлім-жітімді және аурудың таралу жиілігін төмендету, сондай-ақ азаматтық сектордың туберкулезді бақылауға рөлі мен қатысуын күшейту және кеңейту болып табылады. Іс-шараларды өткізу барысында ақпараттық-білім беру материалдарын таратумен баяндамалар, бейнероликтер ұсынылды.
2. “Қарасу жалпы білім беретін мектебі” КММ базасында оқушылардың ата-аналарына арналған дәрістер өткізілді.
3. Туберкулезбен ауыратын науқастардың, сондай-ақ араласатын ортасының үздіксіз тексеріліп отыру маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру үшін өзара көмек тобы ұйымдастырылды. Туберкулезге мұқтаж науқастарды гигиеналық керек-жарақтары бар пакеттермен қамтамасыз ету.
4. “Стоп туберкулез” ұранымен бірлескен акция өткізілді. Дайындалған еріктілер “Қарасу жалпы білім беретін мектебі” КММ оқу орнының барлық келушілеріне ақпараттық-білім беру материалдарын таратып, аудиторияға барып, халықты туберкулез туралы белсенді түрде хабардар етті.