О, спорт, Сен әлемсің!
Бүгін ауданымыздың медицина қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Спорттың келесі түрлері бойынша 12 команда бақ сынады: 200 метрге жүгіру, арқан тарту (командалық), шахмат, армрестлинг және гир көтеру (ерлер).
Спорттық іс-шараның ұйымдастырушылары Қостанай қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы болып табылады. Спорттың барлық түрлері бойынша жеңімпаздарға кубоктар, медальдар, дипломдар беріледі.
Спартакиаданы өткізу медицина қызметкерлері арасында дене белсенділігі мен спортты насихаттау, медицина жұртшылығын дене белсенділігімен айналысуға жұмылдыру, медицина қызметкерлерінің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін қалыптастыру, сондай-ақ халық арасында белсенді өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.