МӘМС-КЕ АУДАРҒАН ЖАРНАЛАРЫМДЫ ҚАЙТАРА АЛАМЫН БА?
Иә, қайтара аласыз. Тек келесідей жағдайларда ғана. Егер жарнаны төлеу кезінде қате жіберіліп, сіздің жасаған төлеміңіз жүйеде көрінбесе жарна қайтарылады. Сондай-ақ егер сіз жеңілдікке ие азаматтар санатында болсаңыз, жарнаны қайтарып алуға болады.
Өйткені, мұндай санаттағы адамдарға жарнаны мемлекет төлейді.
Басқа жағдайларда төлем қайтарылмауы мүмкін.
МӘМС-ке төленетін жарналар мен аударымдар түсетін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мынадай себептер бойынша ақшаны қайтарудан бас тарта алады:
• Өтініште қаржыны қайтаруға қисынсыз себеп жазылған кезде;
• Өтінішке қоса берілген құжаттар толық болмаған жағдайда;
• Ақшаны қайтаруға негіз жоқ болса;
Төлемді қайтару уақытша тоқтатылған немесе жойылған жеке кәсіпкерлерге ресімделеді, ал ақпараттық жүйелерден әлгі жеке кәсіпкердің жұмыс істеп тұрғандығы туралы деректер келеді. Мұндай жағдайда жарна қайтарылмайды.
• ҚР аумағына уақытша тұруға келген шетел азаматы (шетелдіктердің отбасы мүшелері) МӘМС үшін қателесіп төлем жасаса ақшаны қайтаруға өтініш қалдыра алады.