Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Туберкулезді емдеу әдістері

Туберкулезді диагностикалаудың негізгі әдісі туберкулез микобактерияларын анықтау үшін қақырықты зерттеу болып табылады, genexpert MTB / Rif молекулалық-генетикалық аппарат әдісімен – туберкулездің болуын және негізгі туберкулезге қарсы препарат рефампицинге төзімділігін бір уақытта 2 сағат ішінде диагностикалауға мүмкіндік береді.

«ҚОФО» КМК GeneXpert аппараты 2013 жылдан бастап орнатылып, белсенді қолданылып келеді, кейінірек аппараттардың ұқсас үлгілері Арқалық қаласында, Лисаковск қаласында, Рудный қаласында, Жітіқара қаласында, Федоровка ауданында, Амангелді ауданында, Әулиекөл ауданында орнатылды.

Туберкулезге күдікті әрбір жағдай GeneXpert аппаратында тексерілуі тиіс екенін атап өту қажет. Genexpert аппаратының арқасында туберкулезді тез диагностикалауға және дұрыс емдеуді уақтылы бастауға болады, бұл туберкулез сияқты қауіпті жұқпалы аурудың таралуын болдырмайды.

Правительственные интернет-ресурсы