Манту сынамасы екпе болып табылмайды
Манту сынамасы екпе болып табылмайды, бұл туберкулезбен сырқаттанушылықты анықтау әдісі, ол туберкулезді ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді. Туберкулин сынамаларын жүргізу үшін құрамында күрделі қосылыс болып табылатын туберкулин қолданылады.
Оның құрамында тірі немесе өлі туберкулез микобактериялары жоқ, тек олардың қалдықтары, микробтық жасуша элементтері және туберкулез микобактериялары өскен ортаның бөлігі. Манту сынағы мүлдем зиянсыз!
Бейнематериалдың авторы-Қостанай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті;
Бірлескен автор-Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы (А.Д. Какенова – Қостанай облысының штаттан тыс бас фтизиопедиатры).