Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Маймыл шешегі және оның алдын алу

Медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары біздің мекеме қабырғасында өтті. Тақырыбы: "Маймыл шешегі және оның алдын алу".

Маймыл шешегі-Poxviridae тұқымдасына жататын вирустық ауру.

Маймыл шешек вирусы тышқандар мен тиіндер сияқты кеміргіштерден немесе жұқтырған адамдардан таралады. Алғашқы белгілер вирус жұқтырғаннан кейін 5-21 күн ішінде пайда болуы мүмкін.

Вирус жоғары температураны, бас ауруы мен бұлшықеттің ауырсынуын, лимфа түйіндерінің ісінуін, шаршауды, қалтырауды және желшешекке ұқсас тері көпіршіктерін тудырады.

Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге баруды жоспарлап отырған азаматтарға келесі сақтық шараларын қолдануды ұсынады:

- Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдармен, егеуқұйрықтармен және басқа жануарлармен байланысқанда жұғуы мүмкін.

- Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.

- Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялық құралдарды қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.

- Маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары тіркелген елдерге аса қажеттіліксіз бару ұсынылмайды.

- Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге барыңыз. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Правительственные интернет-ресурсы