М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай студенттермен кездесу өтті.
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай студенттермен кездесу өтті.
Іс-шара барысында спикер туберкулез, оның белгілері, таралу жолдары, алдын алу және емдеу әдістері туралы айтты. Ерте диагностика мен иммунитетті нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Студенттерге мәселенің өзектілігі мен онымен күресу шараларын көрсететін тақырыптық бейнероликтер ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, туберкулездің алдын алу бойынша маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.