ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУ
Сезімтал және дәріге төзімді туберкулезді емдеу туралы жалпы ақпарат.
Дәріге сезімтал туберкулез – туберкулезге қарсы негізгі препараттармен емделетін туберкулез. Дәріге сезімтал туберкулезді емдеу 6 айдан 11 айға дейін созылады. Дәріге төзімді туберкулезді емдеу 9 айдан 24 айға дейін созылады. Туберкулез тек туберкулезге қарсы препараттармен емделеді.
Егер сіз емдеуді тоқтатсаңыз, туберкулезге қарсы кейбір немесе барлық препараттарды қабылдауды өткізіп жіберсеңіз, олардың дозасын азайтсаңыз, микобактериялар препараттарға бейімделе бастайды және нәтижесінде препараттар оларға әсер етуді тоқтатады. Осылайша бактериялардың препараттарға төзімділігі (тұрақтылығы) пайда болады. Дәріге төзімді туберкулез дамиды.
Дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын адам өзінің жақындарын қазірдің өзінде төзімді бактериялармен жұқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда туберкулезге қарсы кейбір дәрі-дәрмектер, егер адам бірінші рет ауырса да, көмектеспейді.
ДӘРІГЕ ТӨЗІМДІ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУ – СЕЗІМТАЛ ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ ҚАРАҒАНДА КҮРДЕЛІ ЖӘНЕ ҰЗАҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ 9 АЙДАН 24 АЙҒА ДЕЙІН СОЗЫЛАДЫ.