Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Қөңіл хат

Костанай облыстық фтизиопульмонология орталығының ұжымы және облыс фтизиатрлары атынан ұзақ жылдар бойы медицина саласында елеулі еңбек еткен
Жұмабаева Зауре Елеусізқызының
қайтыс болуына байланысты орны толмас қазаға терең қайғырып, көңіл айтамыз.

Зауре Елеусізқызының бүкіл өмірі туберкулезбен күресуге және халық денсаулығын қорғауға арналды.
Қырық жылдан астам уақыт бойы ол фтизиатрия саласында адал еңбек етіп,
жоғары кәсіби шеберлік пен адамгершілік қасиеттерін көрсетті.

Ол өз ісінің майталманы ғана емес, сондай-ақ жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен, білімімен бөлісіп, көптеген шәкірт тәрбиелеген ұстаз еді.

Зауре Елеусізқызы әріптестерінің құрметіне, науқастардың алғысына бөленді.
Облыстың фтизиатриялық қызметін дамытуға қосқан үлесі зор.
Ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі үшін
ол «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен,
«Гиппократ антына адалдығы үшін» және «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Жұмабаева Зауре Елеусізқызының жарқын бейнесі мен есімі
әріптестерінің, шәкірттерінің және барша таныстарының жүрегінде мәңгі сақталады. Ол кәсібіне берілгендіктің, адамгершіліктің және парасаттылықтың жарқын үлгісі болып қала береді.

Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен қайғырып, көңіл айтамыз.
Сіздердің ауыр қайғыларыңызға ортақтасамыз.

Правительственные интернет-ресурсы