Конференция
Қазақстан Республикасы Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы, «Қазақстандық фтизиопульмонологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және 2023–2025 жылдарға арналған Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша грантын іске асыру тобы Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай халықаралық қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Іс-шара ұраны:
«Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестиция саламыз, әрекет етеміз!»
Конференцияда фтизиопульмонология саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар мен сарапшылар туберкулездің диагностикасы, емдеу және алдын алу мәселелерін, сондай-ақ бұл аурумен күресудің тиімді стратегияларын талқылады.