Жаңа Конституциядағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Тегін диагностиканың қолжетімділігі кеңейтіледі
• 2026 жылдан бастап ауруларды диагностикалау бойынша мемлекеттік кепілдіктер
едәуір кеңейтіледі.
• Азаматтар медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік маңызы
бар 11 ауруға күдік туындаған жағдайда консультативтік-диагностикалық тексеруден
тегін өте алады.
• Бұл ауруларды ерте кезеңде анықтауға, емдеуді дер кезінде бастауға, мүгедектік
қаупін азайтуға және ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары облыстық фтизиопульмонология орталығында өңірдегі туберкулез
бойынша эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы байқалуда: халық арасында
туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі төмендеп келеді. Дәстүрлі диагностикалық
әдістермен қатар молекулалық-генетикалық технологияларға негізделген жедел
диагностика кеңінен қолданылуда. Жаңа технологиялардың басты артықшылығы –
нәтижені жылдам әрі дәл анықтауы. Ауруды ерте анықтау емдеуді уақытылы бастауға
мүмкіндік береді, бұл асқынулардың алдын алып, сауығу мүмкіндігін едәуір арттырады
және инфекцияның таралуын тоқтатуға ықпал етеді.
Маңызды! Егер ұзақ уақытқа созылған жөтел (2–3 аптадан астам), дене қызуының ұзақ
уақыт бойы субфебрильді деңгейде сақталуы, түнгі тершеңдік және себепсіз салмақ
жоғалту сияқты белгілер пайда болса, дереу дәрігерге қаралу қажет.






