Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

«ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАЙЫҚ» АКЦИЯСЫ

Біз туберкулездің алдын алу бойынша кең ауқымды акция өткіздік. Оған үш маңызды қызмет қатысты: Облыстық фтизиопульмонология орталығы, JASTAR.MED Жастар денсаулық орталығы және ЖИТС орталығы.

Акция аясында медициналық диагностикалық қалашық құрылды, онда әрбір адам:
✅ АИТВ статусын тексере алды
✅ Қан қысымы мен сатурациясын өлшеді
✅ Қандағы қант деңгейін тексерді

Сонымен қатар, туберкулездің алдын алу, темекі шегу мен алкогольді тұтынудың зияны туралы дәріс өткіздік. Педагогикалық институт студенттері тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, белсенді талқылауға қатысты.

Денсаулыққа қамқорлық жасау – жарқын болашаққа бастар маңызды қадам! Белсенділік танытып, денсаулыққа мән берген барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Правительственные интернет-ресурсы