Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Денсаулық мектептерінің қызметін талдау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының базасында Қостанай облысының СӨС алдын алу және насихаттау жөніндегі үйлестірушісі А.К. Садвакасованың жетекшілігімен аурулардың алдын алу және денсаулық мектептерінің қызметін талдау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Жұмыс тобы: бас дәрігерлердің емдеу бөлімі бойынша орынбасарлары, сондай-ақ алдын алу бөлімшесінің меңгерушілері.

Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығынан В. С. Кучеренко (профилактика және инфекциялық бақылау бөлімінің меңгерушісі) «Туберкулездің алдын алу және сырқаттанушылық деңгейін төмендету бойынша халықтың хабардар болу деңгейін арттыру» тақырыбында баяндама жасады.

Правительственные интернет-ресурсы