Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Жұмыс кездесуі өтті

Жарияланған күні: 2024-06-24

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 24 маусым мен 28 маусым аралығында туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны іске асыру шеңберінде Қостанай облысына ҚР ҰҒФО және ЖҚ мамандарынан құралған мониторингтік топ Қостанай облысына туберкулезге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу, сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарына ұйымдастырушылық- әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында келді.

Бірінші күні Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Д.С.Джандаевпен, сондай-ақ облыстық фтизиопульмонологияорталығының мамандарымен жұмыс кеңесі өтіп, ағымдағы аптаның жоспары мен жұмыс кестесі талқыланды.Бекітілген бағдарламаға сәйкес, мониторингтік топ мамандарының облыстық мекемелерге баруы жоспарланған: Қостанай облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, ЖИТС ОО, қалалық және аудандық емханаларға, Рудный қаласы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына және түзету мекемелеріне бару.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету мыналарды қамтиды:

✅ҚР ҰҒФО жетекші мамандарының кеңестер өткізуі;

✅МСАК желісі мамандарын жұмыс орнында оқыту;

✅жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар.

Бес күндік мониторинг нәтижелері бойынша ҚОӘДСБ басшысының, ҚОФО мамандарының, қалалық және аудандық МСАК, АА, ЖИТС ОО басшыларының қатысуымен қорытынды кеңес өткізу жоспарланған.

Правительственные интернет-ресурсы