Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

«Біз туберкулезді жеңе аламыз!»

24 наурызда Алматыда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған және ДДСҰ-ның 2023 жылға арналған «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен, халықаралық мамандардың қатысуымен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады.

Конференцияның мақсаты – 2023 жылы өтетін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні – «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұранына сәйкес бүгінгі күннің қиындықтарымен тиімді күресуіміз қажеттігін баршаның есіне салу, шешім қабылдаушы тұлғалардың арасында туберкулездің әсері туралы хабардарлықты арттыру. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының өзекті проблемасы ретінде қоғамды туберкулезді жоюдың озық тәжірибелерін енгізу және таратуға жұмылдыру басты мақсаттың бірі.

Правительственные интернет-ресурсы