Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Мамандар мен дәрігерлерді оқыту жүргізілді

2024 жылғы 16-19 қаңтар аралығында «ҚОФО» КМК бактериологиялық зертханасының базасында Ұлттық референттік зертхананың бактериолог-маманы Нұрлан Қайратұлы Такенов бактериологиялық зертхананың мамандары мен дәрігерлеріне арналған туберкулез бен микобактериозды диагностикалау үшін жаңа ПТР әдісіне оқыту жүргізді.

Оқу барысында зертхана қызметкерлері Zeesan ПТР талдаудың автоматты медициналық жүйесінде жұмыс жасады.

Бұл әдіс нақты уақыт режимінде туберкулез микобактериясының туберкулезге қарсы препараттарға дәрілік төзімділігін генетикалық деңгейде анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, осы анализатордың көмегімен туберкулезге жатпайтын микобактериялардың (ТЖМ) 19 түрін және спецификалық емес микрофлораны анықтауға болады.

Правительственные интернет-ресурсы