Бүгін Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы базасында оқыту семинары өтіп жатыр.
Іс-шара Қостанай облысының барлық өңірлерінен келген мамандар үшін ұйымдастырылған.
Семинарға Ұлттық фтизиопульмонология орталығынан тренерлер келді.
Қонақтар қатарында – ҰФПО ПКО жетекшісі Г. Раимова және «Денсаулық үшін серіктестер» бағдарламасының үйлестірушісі А. Аубакиров.
Семинар тақырыбы:«ДР-ТБ қысқа мерзімді емдеу режимдерін енгізу және кеңейту жағдайында аМБЛ қолданудың өзекті мәселелері»
Семинар аясында келесі маңызды мәселелер қарастырылуда:
• Қостанай облысында тиімді емдеу режимін таңдауға эпидемиологиялық және клиникалық алғышарттар;
• Дәріге төзімді туберкулезбен (ДР-ТБ) ауыратын науқастар үшін емдеу режимін таңдаудың алгоритмі;
• ДР-ТБ қысқа мерзімді емдеу режимдерін кеңейту шеңберінде мониторинг пен бағалаудың индикаторлары.