Қазақстандағы 2024 ж. туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаға шолу
Екі күн бойы техникалық брифинг өтуде: Қазақстандағы 2024 ж. туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламаға шолу.
Ұлттық туберкулез бағдарламасына шолу бағдарламаны басқару циклінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол бағдарламаның белгілі бір уақыт аралығында қалай жұмыс істегенін бағалайды.
Шолу тапсырмалары:
1. Туберкулез эпидемиологиясын бағалау;
2. Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі ұлттық шараларға байланысты денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек жүйесін бағалау;
3. Стратегиялық шаралардың іске асырылуын бағалау;
4. Туберкулезден зардап шеккен адамдардың этикасын, әділеттілігін және құқықтарын қорғауды бағалау;
5. Бағдарламаның тиімділігін жақсарту шараларын анықтау.