Ашық есік күні
Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлықтың аясында Ашық есік күндерін ұйымдастырады.
3, 10 және 17 наурызда сағат 08-00-ден 13-00-ге дейін консультативтік-диагностикалық бөлімшеде қалаған адамдар рентгенологиялық тексеруден тегін өтіп, ПТР-ға қақырық талдауын тапсырып, фтизиатр-дәрігерден, фтизиопедиатрдан және өкпеден тыс туберкулез бойынша маманнан кеңес ала алады.
Сіздерді Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі 5 мекенжайы бойынша күтеміз.