Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

АКЦИЯ «ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАЙЫҚ»

Біз туберкулездің алдын алу бойынша сәтті шара өткіздік, оған үш маңызды қызмет қатысты: Облыстық фтизиопульмонология орталығы, JASTAR.MED Жастар денсаулық орталығы және СПИД орталығы.

Акция аясында медициналық диагностикалық қалашық ұйымдастырылып, кез келген адам:
✅ АИТВ статусын тексере алды
✅ Қан қысымы мен сатурациясын өлшеді
✅ Қандағы қант деңгейін тексерді

Бұдан бөлек, біз туберкулездің алдын алу, темекі шегудің және алкоголь тұтынудың зияны туралы белсенді талқылаулар жүргізген дәріс өткіздік. Ауыл шаруашылығы институтының студенттері бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, пікірталасқа белсенді қатысты.

Әрине, туберкулезге қарсы күрестің символы – ақ түсті түймедақтар да шетте қалған жоқ.

Денсаулыққа қамқорлық – жарқын болашаққа бастар маңызды қадам! Белсенділік танытып, өз денсаулығына мән берген барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Правительственные интернет-ресурсы