Туберкулезбен күрес айлығы басталды
Бұл айлықтың мақсаты – халықтың туберкулездің алдын алу шаралары, ерте диагностика және емдеу туралы хабардарлығын арттыру. Негізгі міндеттер:
• Аурудың алғашқы белгілері туралы халықты кеңінен ақпараттандыру және алдын алу шараларын күшейту.
• Бастапқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтау қырағылығын арттыру.
• Дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің және тұрақты емделудің маңыздылығын түсіндіру.
Уақытылы диагностика және тиімді емдеу ауруды жеңуге көмектеседі. Денсаулығыңызды күтіңіз – медициналық тексеруден өтіңіз!