Айлық шеңберінде
Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Қостанай облысының білім беру ұйымдарымен жұмыс басталды. 2023 жылдың 27 ақпанында ҚОФО мамандары Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы» КММ болды. Іс-шара барысында 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б» сынып оқушылары арасында пікірталас, диктант, сұрақ-жауап өткізілді. Бұл шараға барлығы 72 оқушы қатысты.