4 ҚАРАША - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАНТ ДИАБЕТІМЕН КҮРЕС КҮНІ
Бүгін әлемдік жұртшылық БҰҰ-ның халықаралық күнтізбесінде ресми түрде бекітілген және 1921 жылы Чарльз Бестпен бірге инсулинді ашқан Фредерик Бантингтің туған күніне орай таңдалған қант диабетімен күресу күнін атап өтуде.
Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнінің мақсаты-халықтың барлық топтарының аурудың белгілері, мүмкін болатын асқынулар және диспансерлеу мен профилактикалық медициналық тексеруден өту қажеттілігі туралы хабардар болуын арттыру.
Халықаралық диабет федерациясының (IDF) мәліметтері бойынша, әлемде қант диабеті диагнозы қойылған шамамен 537 миллион адам бар. 2045 жылға қарай олардың саны 783 миллионға дейін артады деп күтілуде.
Қазақстанда 439 327 мың ересек және 5132 бала қант диабетімен өмір сүреді.
Аурудың көріністері: үнемі қатты шөлдеу, жиі зәр шығару, дегидратация, қатты аштық сезімі, сарқылу; көру қабілетінің бұзылуы, бұлшықет әлсіздігі, терінің қышуы және тітіркенуі. Егер сіз осы белгілердің бірін байқасаңыз, дереу дәрігерге барғаныңыз жөн!
Қант диабетінің дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Қант диабеті ағза қандағы қант (глюкоза) деңгейін көтере алмаған кезде пайда болады. Қан қоюланып, уақыт өте келе инфаркт, инсульт, соқырлық, бүйрек жеткіліксіздігі және төменгі аяқтың гангренасына әкелуі мүмкін.
Көптеген қант диабетімен ауыратындар өздерінің ауруын білмейді және аурудың қашан пайда болғанын ауру асқынғанда біледі.