«Біз туберкулезді жеңе аламыз»
2024 жылғы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күннің тақырыбы: «Біз туберкулезді жеңе аламыз». Жыл сайын 24 ақпаннан 24 наурызға дейін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық өткізіледі, оның барысында осы мәселе туралы халықтың хабардарлығын арттыруға және туберкулез індетін толық жою үшін қажетті шараларды ынталандыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.
Бүгін Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлықтың ашылуына арналған дөңгелек үстел өтті. ҚОӘДСБ өкілдері, СЭБД, Қостанай облысы бойынша ПД, ЖИТС ОО, туберкулез саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қостанай облысы бойынша МСАК қызметі басшысының орынбасары, ҚОФО қызметкерлері мүдделі тараптарымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.